jasqazaq.kz

6 мың қазақстандық үй карантинінде жатыр

19 мамыр 2020, 18:07

Стационарлық және үй карантинімен жалпы 9 мыңнан астам қамтылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова мәлім етті.

«Стационарлық карантинде еліміз бойынша 3 мыңнан астам, ал үй карантинінде 6 мың адам бар. Стационарларда адамдар тәулік бойы дәрігер мен мейірбике тарапынан бақылауда болады. Осы орайда хаттамаға сәйкес дене қызуы өлшеніп, препараттар беріледі. Үй карантиніндегі адамдар арнайы форманы толтырып, карантин тәртібін бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілік туралы ескертіледі. Сонымен қатар, тазалық шараларын жүргізу, бөлмені желдету және басқа да қажетті ережелер түсіндіріледі», — деді вице-министр онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Людмила Бұйрабекова Қазақстанда коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелмегенін жеткізді. Сонымен қатар, ол күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтты.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі