jasqazaq.kz

6 қыз жұмыс істейтін интим салоны табылды

10 қыркүйек 2020, 11:44

Елордалық полицейлер қаладағы коттедждерінің бірінен интимдік қызметтер көрсететін массаж кабинетін тапты. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

Полиция кіріп келгенде, сырт көзден таса тұрған коттедждің массаж салонында клиенттерге интим жасап беретін 6 қыз болған.

Массаж салонының әйел бастығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450 бабымен «Жезөкшелік немесе жеңгетайлық жасалатынын біле тұра үй беру» жауапқа тартылып, оған 100 АЕК (277800 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жиналған материал 425 бап «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Есіл ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және бақылау бөліміне жіберілді.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі карантин кезінде қызметіне тыйым салынған ойын-сауық орындарына барғанда адамдар өз денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіретінін ескертеді. Полиция карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салып, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде