jasqazaq.kz

6 баласын үйінен қуып жіберіп, үш балалы әйелге үйленді

17 наурыз 2018, 16:35

Алты баласымен күйеуі далаға қуып жіберген келіншекке еріктілер көмек көрсетті. Қайырымды жандардың араласуымен әйелге бір жылға ақысыз тұруға баспана тауып берілген еді. 34 жастағы ақтөбелік келіншектің тағдыры туралы NUR.KZ-ке осыған дейін жарияланған болатын.

«Мен қазір бақытсызбын деп айта алмаймын. Көптің көмегінің арқасында бұрын көрмеген құрметке бөленіп, мейірімді сезініп жатырмын. Алла өлтірмейді екен. Сол күні шырылдап жылаған балаларымның көз жасын Алла көрген. Әкелері жеті түнде ішіп келіп бізді қуып шыққан болатын. Ұзамай өзі үйленіп алған. Біз далада қаңғып жүрген кезде үш баласы бар әйелді кіргізіп алыпты. Қазір солармен тұрып жатыр деп естідім. Бізге хабарласқан емес», — дейді келіншек.
Алты балалы жалғызбасты ананы еріктілер жұмысқа да орналастырған.

«Қазіргі күніме қарап, өзімді бақытсызбын деп айта алмаймын. Жолдасым болған кезде әр таңда жылап тұрып, жылап жататын едім. Қазір жұмысым бар, балаларымды әкімшілік көмектесіп демалыс орындарына барып тұрады. Жолдасыммен енді қайтып қосылмаймыз деп ойлаймын. Ол басқа отбасымен бақытты»,-дейді келіншек.
Жалғызбасты ана қаладағы мектептердің бірінде еден жуушы болып жасап жүр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық