jasqazaq.kz

5G желісі сынақтан өткізіледі

20 ақпан 2019, 16:31

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 5G желісін енгізу жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, бүгінде әлем бойынша ұялы байланыстың жаңа үлгісі — 5G желісін енгізу мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Соның арқасында фильмдерді бірнеше секундтың ішінде жүктеуге мүмкіндік бар. Басқа да теxнологияларды жан-жақты дамытуға болады. «Биыл Қазақстанда 5G теxнологиясын сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Осыдан кейін аталған желіні республика бойынша енгізу мерзімі анықталатын болады», — деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде. Оның айтуынша, шалғай жатқан ауылдарға талшықты-оптикалық желілер арқылы сапалы интернетті тарту жұмыстары да жалғаса береді. Өткен жылы 144 мыңнан астам адамды қамтитын 56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды. Негізгі мақсат — 1 249 елдімекенді кең жолақты желімен қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылысын салу жоспарланып отыр. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі жүйе тек әлеуметтік желілерге ғана қатысты. Ал мессенджерлерге тарамайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда