jasqazaq.kz

5G желісі ауа райын болжауға кедергі келтіреді

08 мамыр 2019, 14:36

Биыл қолданысқа енгізілетін 5G желісі қауіп төндіруі мүмкін, деп жазады The Guaridan басылымы.

Автордың жазуынша, 5G жүйесін ензігу ауа райын болжауға кедергі туғызып, ауа райын болжауға жауап беретін жер серіктердің жұмысына кері әсер етеді. «Метеорологтардың айтуынша, бүкіл әлем бойынша іске қосылады деп дайындалып жатқан 5G желісі арнайы спутниктік құралдардың сезімталдығына кері әсер етіп, ауа райы өзгерістеріне мониторинг жасауға кері әсер ететін болады» деп жазады автор. Оның айтуынша, бұның салдарынан ауа райы нашарлаған жағдайда, мысалы, қатты дауылдарды ескерту қиынға соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде адам өміріне қауіп төндіреді. «5G желісі қатты дауылдар мен су тасқындарын болжауға кедергі келтіреді. Түптеп келгенде бұл өлім мен өмір мәселесі. Осы мәселе метеорологтарды қатты алаңдатады», — дейді Ауа райы Еуропалық орталығының маманы Тони МакНалли. Оның айтуынша, 5G телефон желісінің жоғары жылдамдығы су буына ұқсас жиілікпен тарайтындықтан, ауа райын нақты болжауға кедергілер келтірілетін болады. «Бұл өте үлкен жаһандық проблема. Себебі біз бұл жағдайды уысымыздан шығарған сайын оның кері әсері арта береді», — дейді Висконсин-Мэдисон университетінің метеорологы Джордан Герт.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде