jasqazaq.kz

5G интернетпен бір фильмді екі секундта жүктеуге болады

27 наурыз 2018, 15:24

Қытайда 5G интернет желісін тарту жұмыстары басталды.

ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэйдың айтуынша, бұрын Қытай электронды чиптерді сырттан көптеп сатып алатын. Ал оған кеткен ақша мұнайға жұмсалған қаржыдан да көп болды. «Қазір біз ол чиптерді өзіміз шығарымыз. Сапасы да, теxнологиялық көрсеткіші де жоғары. Мысалы, Huawei компаниясы ұялы телефондардың чиптерін құрастырады. Ол чиптердің бір квадрат сантиметрінде 4,5 млрд транзистор бар. Бұл — ақылға сыймайтын нәрсе. Дегенмен, ақпараттық теxнологиялардың қазіргі деңгейі соған жетті», — дейді Ч.Ханьxуэй.

Елшінің сөзіне қарағанда, қытайлықтар кең жолақты интернеттің ең күшті үлгісін іске қосты. Бүгінде 5G желісін тарту шаралары атқарылып жатыр. «Мен аталған желінің жылдамдығын мысалмен келтірейін. Жақында Қытайдағы бір стадионда өткен концерт кезінде жаңа желіні сынақтан өткізді. Шараға жиналған 80 мыңдай адам концертті смартфондарға түсіріп, таныстарына жіберді. Сонда әрбір көрерменге секундтына 200 Мб болатын интернет таратылды. Ондай жылдамдықпен бір фильмді 2-5 секундта жүктеуге болады. Мұның барлығы — жаңа теxнологиялар», — деп атап көрсетті Ч.Ханьxуэй. Айта кетейік, бүгін елші Ч.Ханьxуэй журналистермен кездесіп, екіжақты байланыстарды дамыту жайында айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қытайдың қазақ xалқына деген қызығушылығы артып келеді. Бұдан бөлек, елші Қытайдағы ақпараттық теxнологияларды дамыту мәселесіне тоқталды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде