jasqazaq.kz

55 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

27 ақпан 2020, 16:06

Маңғыстау облысында Қазақстанға келу тәртібін бұзған 340 адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Басым бөлігіне көші-қон заңдылығын сақтамағаны үшін іс қозғалды. Оларды полиция қызметкерлері арнайы жүргізілген рейд барысында қолға түсірді. Ұсталғандардың көбі Ақтау қаласындағы құрылыс нысандарында заңсыз еңбек еткен. Тұрғын үйлер мен ірі сауда ғимараттарын салуға жұмылдырылған. Барлық іс жинақталып, сотқа жолданды. Қазақстан аумағынан шығарылғандардың басым бөлігі Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтары.

Асылбек Оразғалиев, ПД көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы:

— Профилактикалық шаралардың аясында аймақтағы барлық құрылыс нысандары, кафе-барлар, мейрамханалар мен көлік жуу орындарын тексеріп шықтық. Көбінесе Өзбекстан азаматтары заңды бұзған. Соттың шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан 55 адам шығарылды. Оларға 5 жылға дейін ел аумағына кіруге тыйым салынды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия