jasqazaq.kz

54 киік атқан екі браконьердің біреуі ұсталды

16 сәуiр 2020, 19:18

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің кезекші бөліміне блок-бекеттерді айналып өткені жөнінде хабарлама түсті.

11 сәуір күні «Охотзоопром» ӨБРМ қазыналық кәсіпорынының инспекторынан рейдтік іс-шара барысында Досан ауылының тұсында екі автокөліктің қойылған блок-бекеттерді айналып өткені жөнінде хабарлама келіп түсті.

«Охотзоопромның» қызметкерлерін байқаған жүргізушілер олардан қашып құтыламыз деп, «Ланд Крузер ЛХ» маркалы автокөлігімен жақын маңдағы каналға аударылып қалған. Ал екінші күдікті автокөліктен қашып үлгіреді.

Оқиға орнына Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің жедел тергеу тобы барып, автокөлікті тексеру барысында мүйіздері кесілген 54 киік, 224 дана киіктің мүйізі, 1 ұңғылы МР-155 маркалы аңшы мылтығы, патрондар, пышақ және дүрбі табылды.

Көп ұзамай полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Күдікті 34 жастағы облыс орталығының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.​

Осы қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестірілуде.

Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі