jasqazaq.kz

530 мың бала кезекші сыныпта білім алады

27 тамыз 2020, 14:08

1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныпта білім алатын 530 мың бала кезекші сыныпта оқитын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бірнеше күннен кейін жаңа оқу жылы басталады. Бүгінгі күні дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 1 қыркүйек — әдеттегідей Білім күні. 1 қыркүйектен бастап жаңа оқу жылы басталады. Өздеріңіз білетіндей, оқу жылы індетке байланысты қашықтан оқыту форматында жүргізіледі. Бұл туралы шілдеде Үкімет отырысында шешім қабылданған еді. Әрине, біз үшін ең бастысы — балалардың және ұстаздарымыздың денсаулығы, қауіпсіздігі», — деді ол.

Осы ретте министр қашықтан оқытудың екі ерекшелігіне тоқталды.

«Біріншісі — кезекші сыныптардың жұмысы. 1-4 сыныптарға байланысты кезекші сыныптардың жұмысы ата-аналардың дербес шешімі, өтініштері болса ұйымдастырылады. Екінші ерекшелік — бұл шалғайдағы ауылдардағы шағын жинақталған мектептер. Егер осы ауылдарда эпидемиологиялық ахуал жақсы болатын болса, онда бұл білім ордалары дәстүрлі форматта жұмыс істейтін болады. Сондай мүмкіндік беріп отырмыз»,- деді министр.

Оның дерегінше, оқушылардың 80 пайызы немесе 2,6 млн бала қашықтан білім алады. Бастауыш сынып оқушыларының 15 пайызы немесе 530 мың баланың ата-аналары кезекші сыныпта оқытуға өтініш берген.

«Қалған 5 пайыз балалар шағын жинақты дәстүрлі форматта оқитын болады. Олардың саны — 202 мың бала. Міне осындай форматта жұмысымызды бастаймыз», — деді Асхат Аймағамбетов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде