jasqazaq.kz

52 жастағы ер адам бірге тұратын әйелді ұрып өлтірді

02 наурыз 2021, 14:13

Солтүстік Қазақстан облысында 36 жастағы бірге тұратын әйелін өлімші етіп сабаған 52 жастағы ер адамды полицейлер ұстады.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 ақпан күні Аққайың аудандық ауруханасына көптеген дене жарақаттарымен 1984 жылы туған Смирново елдімекенінің тұрғыны жатқызылды. Оны бірге тұратын ер адамның өлімші етіп сабағаны белгілі болды. Аталған факті «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталды. Яғни бірге тұратын екеудің арасындағы жанжал 13 ақпан сағат 19.00 шамасында туған. Ұрыстың арты төбелеске ұласып, 1968 жылы туған аудан орталығының тұрғыны өз үйінде 36 жастағы әйелді ұрған. Жарақат алған әйел дәрігерлерді шақырмай танысының үйінде екі тәулік жатып қалған. Жәбірленушінің анасы жүгінген соң ғана, полиция қызметкерлері медициналық көмекке мұқтаж әйелді анықтады. Ол аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды. 20 ақпан күні жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Осыған байланысты полиция қылмыстық істі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабы бойынша өзгертті. Күдікті ер адам ұсталып, Аққайың ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия