jasqazaq.kz

52 өзбекстандық қаза тапқан автобустың иесі де тексерілуде

07 наурыз 2018, 14:21

Ақтөбе облысында 52 Өзбекстан азаматының қаза табуы туралы іс бойынша тірі қалған жүргізушілерден басқа жанып кеткен автобустың иесі де тексеріліп жатыр. Бұл жөнінде өткен жылдың қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«Жанып кеткен автобус бойынша тағы айтып өткім келеді, қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің тергеу тобымен тергеліп жатыр. Бұл іс бойынша үш жүргізушіден басқа автобус иесі де тексеріліп жатқанын ғана айта аламын», — деді облыстық ІІД басшысының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.

Бұдан кейін Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы шықты.

Baq.kz хабарлағандай, автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде