jasqazaq.kz

52 адамды негізсіз қудалау әрекеті тоқтатылды

12 шiлде 2019, 18:08

Бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалық етуімен қадағалау органының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылы прокурорлардың көмегімен 2 800 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 800 миллион теңге көлемінде жалақы төленді. Электр және жылу тарифтері төмендетіліп, тұтынушылардың 30 миллиард теңге қаражатының орны толтырылды. Мемлекетке пайдаланылмаған 11 мың жер учаскелері қайтарылды. Ғ. Нұрдәулетов атқарылған жұмыстарды атап өтіп, облыс прокурорларына халықтың алаңдаушылығын тудыратын мәселелерді шешуге өз күштерін бағыттауды тапсырды. «Біз кез келген заң бұзушылықты қатаң түрде тоқтатуға міндеттіміз. Азаматтардың құқықтарын қорғау біздің басты басымдылығымыз», — деп талап етті. Бас прокурор сондай-ақ, қылмыстық процесте прокуратура органдарының құқық қорғаушылық әлеуеті тиімді түрде ашылғанын атап өтті. Ықпал ету шараларымен 52 адамды негізсіз қудалау тоқтатылды. 414 заңсыз ұсталғандар қызметтік жайлар мен изоляторлардан босатылды. Прокурорлардың бастамасымен соттар 655 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады, 195 сотталған адамның жағдайы жақсартылды. Қауіпті емес, оның ішінде экономикалық қылмыстарды қылмыс деп танымау және балама жазаларды енгізу, жазалау практикасын төмендетті. Сотталғандардың төрттен бір бөлігіне ғана (13 622-нің 3 289-на) нақты бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды. Бұл ретте, қылмыстық заңнаманы гуманизациялау қылмыс жағдайын нашарлатпады. Қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді. Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша қадағалау органының жетекшісі прокурорлардың алдағы кезеңге арналған нақты міндеттері мен негізгі бағыттарын белгіледі. Олардың қатарында заңның үстемдігін қамтамасыз етуді, азаматтар құқықтарының кепілдігін нығайтуды, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар және Елбасы мен Президент тапсырмалары бар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда