jasqazaq.kz

52 адам жанып кеткен автобус жүргізушісінің туысы оқиғаны баяндап берді

24 шiлде 2018, 14:52

Ақтөбе облысында 52 адам ажал құшқан автобус жүргізушісі Мақсат Пернебековтың туысы оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

«Інімнің айтуынша, олар Қызылордадан дизельді отын құйған. Ол Ырғыздың суығына шыдамай қатып қалады. Автобустан ақау кеткен, пеш істемей қалған деген мәселе мүлде болмаған. Тоқтаған автобустың дизельді отыны қатып, оталмай қалған. Інім түнімен жүріп отырып, таң атқанша автобус айдайды. Таңғы сағат алтылар шамасында бір-екі сағат ұйықтап алайын деп көз ілген. Содан сегізге дейін ұйықтаған. Жағдай сол ұйықтаған кезде болып тұр. Автобус жүрмей жолдың шетінде тоқтаған күйі қалады. Інім ұйықтап жатқан кезде жолдан бір көлік өткен. Оның жүргізушісі әйел адам екен. Оның жүргізушісі әйел адам екен. Одан бір екі литр жанармай алып, өзбектер жақ деп қоймаған соң екінші жүргізуші мен слесарь автобустың ішінде паяльник жаққан. Менің інім автобустың аға жүргізушісі», — дейді Нұршат Пернебекова.
Нұршат Пернебекованың сөзінше, автобус ішіндегі жолаушылар арасынан жанжал туындаған.

«Өзбектер автобус ішінде ерегескен. Сол кезде қарсы жақтан тағы бір автобус келе жатқан. Ол автобусты тоқтатамыз деп қасындағы жүргізуші мен слесарь жүгіріп шығып кетеді. Өрт солар шығып кеткен кезде болады. Автобус ішінде екі өзбек азаматы ерегескен. Сол ерегескен екі адамның бірі тірі. Олар автобус ішіне жанармай құйылған бакты да алып кірген. Оның ауызы ашық болады. Тірі қалған өзбек май құйылған бакты жанып тұрған паяльникке қарай тепкен. От сол кезде шыққан. Інім сол бакты тепкен баланың тек аяғы күйіп аман қалғанын айтты. Автобус тоқтап тұрған кезде ортадағы есік ашылмайды екен. Сол кезде оянған өзбектер ортасына қарай жүгіріп, әбігерге қалған дейді. Інім автобустан түсіп үлгерген «5 секундтың ішінде мен де өліп кетер едім» деп жылап жатыр. Інім автобус ішіне от алып келмеңдер деп ескерткен.
Біз қорғаушылардан неге өзбектерді тергеуге тартпайсыңдар деп сұрағанымда екі ел арасында түсініспестік туып кетуі мүмкін дейді. Дәл сол бакты теуіп өрт шығарған өзбекті босатып жіберіп тұр», — дейді жүргізушінің апасы.
Автобус оқиғасына қатысты қамауға алынған жүргізушінің апасы інісінің болашағына алаңдайды.

«Інім зар жылап отыр. Үйдің үлкен баласы еді, өзінің үш баласы бар. Үлкені үшінші класта оқиды. Анамыз соның қолында тұрды. Жүргізушілердің ешқайсысы кінәлі емес. Бұл оқыс оқиға.
Мақсаттың 70 жастағы анасы баламды алты айдан бері көрмедім деп уайымдап отыр. Қан қысымы жоғары болса да сотқа барамын деп дайындалып жүр. Інім адамның да, Құдайдың да алдында ақпын, әпке деп жылайды», — дейді Нұршат Пернебекова.
Еске сала кетейік, осы жылдың 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, салдарынан 52 адам қаза тапқан еді.

Елді алаңдатқан автобус оқиғасына қатысты сот процесі 7 тамыз күні басталады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді