jasqazaq.kz

52 адам тірідей жанып кеткен автобус ісі сотқа жолданды (видео)

09 шiлде 2018, 10:09

Прокуратура өкілдері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша қозғалған істі сотқа жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, 5 адам айыпталушы деп танылды.

Оның 3-еуі автобус жүргізушісі және «Азия транзит сервис» ЖШС-нің 2 қызметкері — құрылтайшы мен серіктестіктің механигі. Аталғандардың міндеті — рейске шығар алдында автобусты тексеру. «Компания құрылтайшысының әрекеті коммерциялық ұйымдарда міндеттеріне адал қарамау (ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы), екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға енгізу, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасау, көрінеу жалған құжатты пайдалану (ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері) ретінде сараланды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Механиктің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға шығару (ҚР Қылмыстық кодексінің 348-бабының 4-бөлігі) ретінде, ал автобус жүргізушілерінің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу (ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі) және екі және одан көп адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі) ретінде сараланды.

Сот автобус жүргізушілеріне қамауда күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау, серіктестіктің басшысы мен механикке қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.

Cондай-ақ, прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус иесіне күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындала отырып, халықаралық іздестіруге жарияланды.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді