jasqazaq.kz

52 адам өртеніп кеткен автобус жүргізушілері қамауға алынды (видео)

25 қантар 2018, 23:49

Ақтөбе облысында 52 адам өртеніп кеткен автобус жүргізушілері қамауға алынды. Ақпарат облыстық прокуратура сайтында жарияланды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды.

Ондағы деректерге сүйенсек, 3 жүргізушінің қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Тергеу кезінде олардың көлік пайдалану ережесін бұзғаны және дәнекерлейтін құралды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны белгілі болған. Күдікке іліккен автобустың үш жүргізушісі де уақытша ұстау абақтысына қамалған. Ал тергеу ісі Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Ақтөбе облысындағы қайғылы оқиға қаңтардың 18-і күні болған еді. Салонда болған 57 адамның 52-сі тірідей өртеніп кеткен. Олар Өзбекстан азаматтары. Апаттан аман қалған 3 қазақстандық жүргізуші мен 2 өзбекстандық азамат дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін ауруханадан шығарылған болатын.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды