
Түркістан облысында Өзбекстанның 52 азаматы өртеніп кеткен автобус жүргізушісіне сот үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі Stan.kz хабарлады.
«Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты О.М-ны ҚК-нің 348-бабының 4-тармағымен кінәлі деп таныды. Оны үш жылға бас бостандығынан айырды», – делінген хабарламада.
Соттың мәліметінше, жәбірленушілердің талабы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртенді. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бес жолаушы өрт шалған көліктен сыртқа шыға алған. Ал 52 адам оқиға орнында қайтыс болды.