jasqazaq.kz

500-ге жуық қазақстандық кәсіпорын 18,3 мың жұмысшыға жалақы төлемеген

08 шiлде 2020, 12:37

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 17 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскерге 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы төленбегені анықталған. Мемлекеттік еңбек инспекторлары аталған кәсіпорындардың басшыларына 315 ұйғарым беріп, 41,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салған.

«Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,78 млрд теңге жалақы төленді. Жалпы, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,9 мың тексеру жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 3 мың фактісін анықтады және 91,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», — деді ведомстводан.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық