jasqazaq.kz

500 данадан астам «экстази» тәркіленді

05 қыркүйек 2019, 17:20

Алматыда контрабандалық жолмен Еуропадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«26 тамыз күні Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ҚР азаматы ұсталды. Оған Еуропадан пошта арқылы есірткі заттары жеткізілген. Тексеру кезінде 500-ден астам дана «экстази» дәрілері, яғни психотроптық заттар табылды. Контрабандалық жолмен жеткізілген есірткі заттары тәркіленді», — делінген ҚР Қаржы министрлігі ҚМК экономикалық тергеу қызметінің хабарламасында. Қазіргі уақытта Тергеу департаменті ҚР ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігіне сәйкес (тәркіленген заттарды немесе таралымы шектеулі заттарды контрабанда) күдікті сот қаулысымен екі айға қамауға алынды. Оған мүлкін тәркілеу және 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде