jasqazaq.kz

50 жастағы ер адам 9 жастағы қызды зорлап кетті

28 наурыз 2019, 11:04

Нұр-Сұлтан қаласында 9 жасар қызды зорлаған 50 жастағы ер адам 17 жылға сотталды. Ол оқушыны сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген. Бұл туралы  «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.

Сот талқылауы жарты жылға созылды. Сотталушы кінәсін мойындамағанымен, қылмысын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар болды.

Іс барысында белгілі болғандай, ер адам үйленген, елордада кран жүргізушісі болып істейтін. Былтыр қараша айында түскі үзіліс кезінде оқушы қызды көріп, үйіне дейін ізінен қалмайды. Аңғал қыз сантехникпін деп танысқан ер адамға сеніп, пәтерге кіргізген екен. Содан соң азғын арам ойын іске асырып, 9 жастағы қызды зорлап кетеді. Ер адам бұрын да қыз зорлағаны үшін сотталыпты, ол кезде 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ бостандыққа шыққан соң бұрынғы әдетіне қайта басса керек.

«Мен үкіммен келіспеймін. Соңғы отырыста жоққа шығарғанмын. Айғақтардың көпшілігі қиыспайды. Әділ шешіміңізге үміттенген едім», — деді ол сотта.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда