jasqazaq.kz

50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді

04 тамыз 2022, 11:12

Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша алдын алу шараларын іске асыруда.

Арнайы операцияның нәтижелері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында Шымкент қаласындағы ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті. Қалалық Полиция департаментінің Процессинг орталығының екі қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынды. Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде