jasqazaq.kz

5 жыл құлдықта болған (видео)

04 қыркүйек 2019, 14:40

Қарағанды облысында полицейлер ер адамды заңсыз ұстаған деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс полиция департаменті мен ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, құлдықта болған ер адам 2012 жылы әйелімен ұрысып қалғаннан кейін үйінен кетіп қалыпты. Артынша ол ішімдікке әуестеніп, байланысқа шықпаған. Сол кезде Қарағанды қаласының Майқұдық ауданындағы көшеде күнелткен ер адам Тілеген есімді азаматпен танысып, ол қыстауда жұмыс істеуді ұсыныпты.

Туыстары ер адамды содан бері іздестіріп, таба алмаған. 2019 жылдың 27 тамызында оларға WhatsApp арқылы туысының Жаңаарқа ауданындағы шаруа қожалығында жұмыс істеп жүргені туралы хабарлама келген. Мұны білген ағасы полицияға жүгініп, 3 қыркүйекте аталған мекенжайға аттанады.

«Жаңаарқа аудандық полиция бөлімшесінің кезекшілік бөліміне 34 жастағы ер адамнан хабарлама түсті. Ол Жаңаарқа ауданындағы қыстаулардың бірінде 51 жастағы ер адамды 2015 жылдың тамызынан бері заңсыз ұстап отырғанын айтты. Өз кезегінде аталған қыстаудың иесі 2017 жылы мамыр айының басында 51 жастағы ер адамның тамақ сұрап келіп, артынша жұмыс істеуге қалғанын түсіндірді. Әңгіме барысында соңғысы есін жоғалтқанын айтты. Ер адамның сөзінше, ол жұмыс істеуге өз еркімен келген. Алайда артынша жібермей, қыстауда ұстады деп отыр», — дейді полициядағылар.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 126-бабы 1-тармағына (Заңсыз бас бостандығынан айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде