jasqazaq.kz

5 жігіт екі тұрғынды қорқытып, күш қолданып көлігін тартып алған

17 шiлде 2018, 15:42

Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғындарға күш қолданып, бопсалаушылықпен айналысқан топты ұстады. Қылмыстық топ құрамында 5 жігіт болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарағанды іргесіндегі Саран қаласында құрамында бес жігіт болған қылмыстық топ қала тұрғындарына күш көрсетіп, қару қолданып, көлігі мен ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленушілер бірден полицияға шағымданған.

«12 шілде күні Қарағанды облысы ІІД-нің кезекші бөліміне Саран қаласының екі тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, белгісіз тұлғалар Саран қаласының тұрғындарына күш көрсетіп, қарумен қорқытып және бопсалап «Volkswagen Caravella» маркалы автокөлік пен «Samsung» телефонын алып кеткен. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Қарағанды облысының бес тұрғыны құрықталды. Олардың жасы 23 пен 27 аралығында», — дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, ұсталғандардың кейбіреулері қылмысын мойынаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы, 2-тармағына, яғни «Бопсалаушылық» бабына сай қылмыстық іс қозғалған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді