
Бангладештік 5 жасар тұрғыны сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Бұл туралы ca-irnews.com агенттігі хабарлады.
Баланың қолы мен саусақтары ісініп кеткен, сол себепті де бала қолының салмағы бірнеше килограмм.
Дәрігерлердің айтуынша қолының салмағы әдеттегі қол салмағынан 3 есе артық. Қолының ауырлығынан да бала еркін жүріп тұра алмайды.
Баланың ата- анасы бала бірнеше айлық кезінде науқастығын байқаған, алайда қаржының жоқтығынан баласын дәрігерлерге көрсете алмаған.
Дәрігерлердің сөзінше бұл бала ауруы генетикаға байланысты.