jasqazaq.kz

5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып қалды

26 желтоқсан 2021, 12:55

Өрт сенбі күні Қостанайдағы «Садовод» саяжайы аумағында болды. Бұл туралы ХАА  Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

2021 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:36-да 101 қызметіне Қостанай қаласындағы «Садовод» саяжайы аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгер саяжайдың өртеніп жатқанын хабарлаған. Өрт сөндірушілер келген кезде тілсіз жау 6 адам тұратын тұрғын үйдің 60 шаршы метр аумағын шарпыған. Өрт шатыр тақталары мен тұрғын үйлердің ішіне жайылған. Үйде ешкім болған жоқ. «Бұл күні Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы «Садовод» саяжайында тұратын Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, көрші үйден түтін шығып жатқанын көреді. Олег мұнда кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасы тұратынын біледі. Үлкен қызы 8 жаста, ал ең кішісі 2 жаста. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, ол түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тіге отырып 4 баланы кезекпен көшеге шығарған. Бұл уақытта ата – аналары үйде болмаған. Олар пешті жағып, дүкенге кетті», — деп түсіндірді департамент.

Ата-аналары келгенге дейін құтқарылған балалар көршілерінің үйінде болған. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі болған жоқ. Келген өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарды. Құтқарушылар өртті 12:07-де оқшаулап, көрші саяжайларға таралу қаупін жойды. Сағат 12:28-де өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрттің шығуына жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр