jasqazaq.kz

5 облыстың тұрғындарын алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

01 ақпан 2022, 12:06

Түркістан полицейлері бес облыстың тұрғындарын алдап кеткен алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Ол арызында танымайтын әйел WhatsApp арқылы “Криптовалюта” атты топ құрып, ақшаңды еселеп беремін деп алып, қайта қайтармай қойғанын жеткізеді. Алаяқ жәбірленушіден бас-аяғы 200 мың теңгеге жуық ақша алған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел жұмыстарды жүргізді. Яғни, әлеуметтік желілердегі жалған жарнамалар мен банктік есепшоттарды тексерді. Жәбірленушіден жауап алу арқылы алаяқтың әрбір ісіне болжам жасап, анықтау жұмыстарын күшейтті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде күдікті әйел тәулік ішінде анықталды. Ол 30 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру жұмыстары кезінде алаяқ әйелдің бұдан бөлек 17 тұрғынды осындай жолмен алдап, ақшаларын алғаны анықталды. Әйелдің құрбандары – Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындары. Олар алаяқтың жалған сөзіне сеніп, бірнеше реттен 5 000 – 200 000 теңге аралығындағы ақшаларын аударып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 2 миллионнан асады. Қазіргі уақытта күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр