jasqazaq.kz

5 млн теңге пара алған шенеунік сотталды

17 шiлде 2018, 23:06

Амола облысының Бурабай аудандық сотының шешімімен кəсіпкерден пара алған «Бурабай» республикалық бейімдеу орталығы» ШЖҚ РМК-нің бұрынғы директоры 3 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соттың материалы бойынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық бейімдеу орталығы» ШЖҚ РМК-і жəне жеке кәсіпкер арасында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша орталықта ем алушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін 105 304 775 теңгеге келісімшарт жасалды. Кейін ЖК басшысы асхананы көрген соң, экс директор оған науқастардан үш арыз түскен кезде біржақты түрде келісімшартты бұзуға құқылы екенін айтқан. Бірақ оған қамқорлық жасап, келісімшарттағы міндеттерін ойдағыдай орындауы үшін бөлінетін ақшаның 10 пайызын, яғни, 10 миллион теңгесін беруді талап етеді. Кәсіпкер оған келіседі. Алайда, қаржылай қиындыққа тап болған ол экс-директор сұраған 10 пайыз үлес ақшасын 5 пайызға дейін түсіреді. Бірақ та, кәсіпкер əйел оған ақша бермес бұрын жемқорлыққа қарсы қызметіне ескертіп үлгереді. Кәсіпкер мен экс-директор жəне оның орынбасары үшеуі Щучинск қаласындағы дəмханалардың бірінде кездеседі. Кездесуде сотталушы кəсіпкерге ақшаны көлігінің артқы жолаушылар орындығына салуды өтінеді. Бірақ, экс-директор өзінің бұл қылығын орынбасарына білдірмейді. Кейін Бурабайға бара жатқан жолда жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері оны қолға түсіреді. Көліктің салонынан пара ретінде берілген ақша табылады. Сотта сотталушы өзінің қылмысын (ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлігі бойынша) мойындады. Сот экс- директорды 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оған қоса, сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқынан айырылды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді