jasqazaq.kz

5 көлік соғылып, үш адам қаза болды

05 сәуiр 2021, 11:16

Алматы маңында жол апаттынан үш адам мерт болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

«Жол апаты 5 сәуірде түнде Алматы облысының Өтеген батыр ауылына кіре беріс жерінде болды. Жылдамдықты тым асырған RX300 жүргізушісі белгісіз себеппен қарсы бағытқа шығып кетіп, «Volkswagen Golf» көлігін соқты. «Lexus» онымен тоқтамай, қарсы бағыттағы жолда келе жатқан «Pontiac Vibe» көлігін бір түйреп өтіп, жылдамдығы басылмаған күйі Audi 100 көлігін қоса соқты. Қатты соққыдан Audi аударылып қалды. Одан кейін «Lexus» барып «Hyundai Accent» көлігін соғып, аударылған»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. «Audi» көлігінде отырған жүргізуші мен мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Кейінірек ауруханада «Hyundai» жүргізушісі де жан тапсырды. Ал, «Lexus» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттармен Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия