jasqazaq.kz

5 қазақстандық боксшы «алтынға» таласады

19 ақпан 2019, 10:52

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде бес қазақстандық боксшы финалға шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қазақстаннан жартылай финалға бес боксшы шықса, солардың бәрі түгелдей қарсыластарын жеңді. Қазақстанның бес дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов (49 кг) бразилиялық Леандро Хосе Бланкты айқын басымдылықпен ұтты. 60 кг салмақта Зәкір Сафиуллин өзбекстандық Шункор Абдурасуловты тізе бүктірді. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас боксшы Санатәлі Төлтаев (64 кг) тартысты бәсекеде бразилиялық Вандерсон Оливейраны қапы алдырды. «Қазақтардың өз салмағы» атанып кеткен 69 келіде Абылайхан Жүсіпов украиналық Евгений Барабановты 5:0 есебімен жерге қаратты. 91 кг салмақта Василий Левит тағы бір бразилиялық Абнер Жуниордан айласын асырды. Осылайша қазақстандық бес боксшы алтын жүлде үшін таласады. Финалда Қазақстаннан бес, Ресей мен Өзбекстаннан төрт боксшыдан рингке шығады. Бұл жөнінен Қазақстан құрамасы алда тұр. Сонымен, бүгін финалда Теміртас Жүсіпов пен үндістандық Амит (49 кг), Зәкір Сафиуллин мен ресейлік Артур Субханкулов (60 кг), Санатәлі Төлтаев пен ресейлік Алексей Мазур (64 кг), Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Бобо-Усмон Ботуров (69 кг) және Василий Левит пен тағы бір ресейлік Садам Магомедов (91 кг) бас жүлдені сарапқа салады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде