jasqazaq.kz

5 қабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды

12 наурыз 2019, 10:45

Лисаков қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 наурыз күні сағат 20:20-да Қостанай облысы ТЖД өртке қарсы қызмет пультіне Лисаков қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автосаты арқылы 5 адамды құтқарды. Тағы 20 адам эвакуацияланды. Оның ішінде төртеуі бала. «Өрт сағат 22:15-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 1968 жылы туылған ер адамның мәйіті табылды. 3 қабаттағы пәтерде 1923 жылы туған әйелге иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала себебі — темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Өрт сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда