jasqazaq.kz

5 адамның өліміне кінәлі Дужновтың қаруы тіркеуде болмаған

31 наурыз 2022, 12:47

Алматы ықшамауданында бес адамды өлтірді деп айыпталған Игорь Дужновқа 2014 жылы іздеу жарияланған. Сол кезде қару сақтағаны үшін есептен шығарылған. Бірақ қару Дужновта қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Ақбұлақ ықшамаудандағы бес адамның өліміне кінәлі Дужновқа қатысты басты сот процесі жалғасуда.

Сот отырысында куәгер ретінде шақырылған қару айналымын лицензиялау және бақылау департаментінің инспекторы Рахым Төлеқұлов Дужнов қаруды сақтауға 2000 жылдары рұқсат алғанын айтты. 2014 жылға дейін ол тіркеуде тұрды, кейін оған қатысты іздеу ісінің қозғалуына байланысты, тіркеуден одан шығарылды.

Рахым Төлеқұлов:

Ешқандай шара қолданбаған, себебі ол тіркеуден шығарылған, қарудың иесі ретінде базада болмаған. Аудандық бөлімшелер базада болмағандықтан қаруды іздей алмады.

Куәгер прокурордың сұрағына жауап бере отырып, 2014 жылдан бастап Дужновтың қаруы қылмыскер мәртебесіне өтуі тиіс болғанын, бірақ белгісіз себептермен өтпегенін атап өтті.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов басқаларға оқ жаудырған. Нәтижесінде бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Белгілі болғандай, бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» бабы бойынша тергеу басталды.

Ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр