jasqazaq.kz

4800 теңге үшін зейнеткерді өлтірген ер адам сотталды

07 ақпан 2018, 10:37


Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зейнеткерді өлтірген ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Мой город»-қа сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, 2017 жылдың 23 тамызында бұрын сотталған Мақсұт Исмағұлов Новенький ауылындағы марқұмның үйіне келіп, араққа ақша сұрайды. Зейнеткер ақша беруден бас тартқан кезде ауыл тұрғыны қоршаудан секіріп түсіп, жерде жатқан таяқты үй есіне лақтырады, таяқ оның басына тиген. Исмағұлов құлап қалған әйелді үйге сүйреп кіргізіп, ұрып-соққан. Осыдан кейін қолғап киіп, әйелді басқа бөлмеге кіргізіп, кілеммен үстін жауып қойған. Содан соң сотталушы 4800 теңге мен ноутбукті алып, есікті жауып, кетіп қалған.

Исмағұлов сотта қылмысты басқа біреулер жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, үш жігіт арақ ішіп, ұйықтап жатқан жерінен қара көлікке отырғызып алып кеткен.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды