jasqazaq.kz

48 адамды құтқарған Ержан Амархановты «Пусть говорятқа» шақырды

14 тамыз 2018, 10:07


Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов 48 адамды өртеніп жатқан автобустан аман алып қалған қазақстандық Ержан Амархановты өз бағдарламасына шақырды.
Tengrinews.kz жазғандай, «Бағдарлама түсіріліміне құжаттарымды дайындағаннан кейін бірақ барамын. Иә, мені шақырды. Түсірілім қашан болатынын әлі нақты айтқан жоқ. «Еуразия Бірінші» арнасы мені «Пусть говорятқа», ал «Россия» Андрей Малаховқа шақырды», — деп хабарлады Ержан Амарханов. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар казақстандықтың жолын төлеп береді. «Құжаттарым бар деп, оларға хабарласамын. Иә, жолымды түгелей өздері төлеп беретін болады. Бағдарламада барлығы қалай болғанын айтып беремін. Ол жерде тек мен емес, мен құтқарып алған адамдар да болады. Кім қашып кетті, автобустағылар қайда тұрғанын, оларда неліктен өртсөндіргіш болмағанын — бәрін сол жерде айтатын боламын», — деді қазақстандық. Ержан Амархановтың айтуынша, барлық құжаты өртеніп кеткеннен кейін қиын болған. Алайда, барлық жолаушы аман-сау қалғаны қуантады. «Ол жағдайдан кейін өзімді табу қиын болды. Не құжатым, не байланыс телефоным болған жоқ. Достарым тез арада ұшып келіп, бірнеше минутта барлығын тауып, жасап берді. Қазақстанның Мәскеудегі елшісі хабарласып, тағы басқа көп адам көмектесті», — деді ол. Еске салайық, тамыздың 5-не қараған түні Ержан Амарханов Ресейге автокөлік сатып алу үшін жол жүріп барған. Сол түні автобустан өрт шыққан. Ол сәтте жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқан. Ал Ержан Амарханов алғашқылардың бірі болып оянып кеткен екен. Ол бірден жолаушылардың барлығын оятып, бұғатталған есіктерді ашып, адамдарды құтқара бастаған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді