jasqazaq.kz

47 жылқы ұрлаған барымташылар қолға түсті

22 қараша 2018, 11:18

Жамбыл облысы Рысқұлов аудандық полициясының қызметкерлері ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды. Бұл туралы ҚазАқпарат  Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Рысқұлов ауданы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Батыс Еуропа — Батыс Қытай тасжолында он жылқы тиеген көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жылқылардың құжаттары болмай шықты. Рысқұлв ауданының үш тұрғыны мал ұрлады деген күдікке ілінді. Жылқыларды Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі Жынырау жайылымынан ұрлаған. Қазіргі нарықтағы бағаға сәйкес, ұрланған малдардың жалпы құны 2 960 000 теңгені құрайды», — деп түсіндірді құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметі. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен (ірі көлемде ұрлық жасау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тәркіленген жылқылар заттай дерек ретінде танылып, иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, биыл 17 қарашада Сарысу АІІБ-ге ер адам 37 жылқысын ұрлап кеткенін айтып, шағым түсірген. Ол жоғалған малының жалпы құны 9,75 млн теңге деп бағалаған. Ұрлық жасау ісі осы ауданның «Қайрақбай» жайылымында Үйім ауылына жақын жерде болған. Сарысу аудандық полиция бөлімі төрт тергеу-жедел тобын құрған. Іздеу жұмыстары барысында барлық 37 жылқы жайылымнан 20-25 шақырым қашықтықтан табылды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді