jasqazaq.kz

47 жастағы кісі үйінен есірткі фабрикасын ашқан

25 ақпан 2020, 14:45


Алматы облысының полицейлері жасырын есірткі зертханасының жолын кесті.
Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғынының есірткі затын шығарып, оны таратумен айналысқанын әшкереледі. Жедел-іздестіру барысында сараптама актілерімен нақтыланған «марихуана» есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді.

Бұл  туралы  zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.    «Іле ауданының 47 жастағы азаматы өз үйінің екінші қабатында «марихуана» өсірумен, оны дайындаумен және таратумен айналысқаны анықталды. Есірткі өнімдерін дайындайтын зертханаға жүргізілген санкцияланған тінту кезінде қажетті микроклимат құру мақсатында күн батареяларының көмегімен жылу берілгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары жалпы салмағы 26 кг жуық 47 түп өсімдікті, 295 орама және салмағы 8,5 килограмм дайын екі қап «марихуана» тауып, оны тәркіледі. Есірткі өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәсін мойындаған күдікті уақытша қамаққа алынды», — деп хабарлады Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия