Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидрометке» хабарлады.
3-4 маусым күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус қатты ыстық болады.
3 маусымда Қызылорда облысында оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
3 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Жел қарқыны — 15-20 м/с. 35-37 градус аптап ыстық болады.
3 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 3-4 маусымда Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық сақталады.