jasqazaq.kz

45 халықаралық байқаушы тіркелді

13 мамыр 2019, 11:39

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Онда 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдардан байқаушыларды аккредиттеу туралы қаулы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«2019 жылғы 6 мамырда Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйымнан 45 байқаушыны аккредиттеді. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар тізіміндегі деректер жаңартылып отырады. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асыратын болады. 2019 жылғы 8 мамырда Сыртқы істер министрлігінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен Адам құқықтары бюросы миссияларынан 22 байқаушыны аккредиттеуге ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр. Осыған орай 2019 жылдың 7 мамырынан 13 мамырға дейін ұсынылған байқаушыларды қамтитын халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының қаулысы әзірленді», — деді қаулы жобасын таныстырған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина. Оның атап өтуінше, бүгінгі күні еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сайлауды жария ету мақсатында 25 шетелдік БАҚ-тың 66 өкілі өтінім берген. Олардың 37-сі аккредиттеуден өтті. «Жалпы алғанда СІМ-де тұрақты негізде 28 шетелдік БАҚ-тың 94 журналисі аккредиттелді», — деді ол. Қаулы жобасын Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берді. Айта кетейік, жалпы бүгінгі күні тіркелген шетелдік байқаушылардың саны 67 адамға жетіп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде