jasqazaq.kz

42500 теңгені екінші рет алу үшін не істеу керек?

23 сәуiр 2020, 18:17

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі төтенше жағдай режимінің мерзімі созылса төлем қалай жүзеге асатынын түсіндіріп берді.

Бұл мәселеге Біржан Нұрымбетов онлайн брифинг барысында тоқталып өтті.

«Көпшілік «Төтенше жағдай созылды, екінші айға әлеуметтік төлем төлене ме және оған тағы өтініш береміз бе?» деп сұрауда. Жоқ. Сізге бір рет тағайындалып, төленсе болды. Екінші рет өтініш беру керек емес. Сіз тіркелдіңіз, төлем бердік. Сізді білеміз, танимыз. Төтенше жағдай мерзімі созылса, келесі айына сізге айтпастан төлей береміз», — деді министр.

Оның сөзінше, 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі аралықта 42 500 теңге әлеуметтік төлем жасалған. Айта кетейік, карантин мерзімі тағы 15 күнге созылып отыр. Министр осыған байланысты ел тұрғындары арасынан көптеген сұрақ түсіп жатқанын жасырған жоқ. Сонымен қатар, Нұрымбетов әлеуметтік төлемнің ерекшелігі туралы да айтып берді.

«Бұл төлем ерекше. Бұны сол 29 сәуір күні өткізсеңіз де бір күнге, жарты айға деп бөлмейміз. Өтініш берсеңіз толығымен 42 500 теңге төленеді. Күніне саналмайды. Мысалы, төтенше жағдай бір ай болып одан кейін 5 күнге созылған күннің өзінде 42 500 теңге төлейтін едік», — деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі