jasqazaq.kz

42500 теңге көмек кімдерге төленеді?

14 шiлде 2020, 10:43

Үкімет басшысы Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу бойынша шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдері бойынша ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам», — деді ол.

Үкімет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырды.

«Сондай-ақ карантин кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектігін 3 айға автоматты түрде ұзартуды тапсырамын», — деді Асқар Мамин.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия