jasqazaq.kz

42500: SMS алмаған мұқтаж азаматтар не істейді?

17 шiлде 2020, 20:30

42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау бүгіннен басталды. Төлем бір реттік, яғни осы шілде айына ғана беріледі. Еңбек министрлігі 700 мың қазақстандыққа әлеуметтік көмекті ала алатыны жөнінде SMS-хабарлама жіберіпті. Ал хабарлама алмаған мұқтаж азаматтар сайт немесе телеграмм боттар арқылы өтініш бере алады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Азаматтарға 42 500-ге өтініш қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Бұл бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында egov.kz, 42500.enbek.kz сайттары арқылы жүргізіліп жатыр. Яғни, портал арқылы бір уақытта 75 мыңға дейін азамат сұраныс тастай алады. Алдыңғы жолы өтінішті қызық үшін жіберіп, ақша алғандар көп болған екен. Әсіресе Алматыда. «16 мың азамат осындай жолмен әлеуметтік көмек алған» — дейді қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағылар. Сөйтіп көмекке мұқтаж емес олар, артынша кері қайтарып беріпті. Алайда жауаптылар бұл жолы ондай олқылық орын алмайды деп сендіруде. Сонымен бір рет қана берілетін жәрдемақыны жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қамтушылар және тіршілігі тұралаған жеке кәсіпкерлер алады. Ал өтініш қабылдау мерзімі жаздың аяғына дейін жалғаспақ.

Данияр Әлкебайұлы, Алматы қалалық Әлеуметтік Әл-Ауқат басқармасы басшысының орынбасары:

— Ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген азаматтар бұл төлемге мүдделі болмайды. Министрдің түсініктемесі бойынша, егер жұмысшы өзінің жұмысынан айырылған жағдайда еңбек шартын тоқтатып, жұмыссызбын деп санайтын болса, онда жұмыспен қамту орталығына барады. бізде басқа төлем түрі бар. Алты айға дейін орташа айлықтың 40 пайызына дейінгі сомманы алып отырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде