jasqazaq.kz

42 500 теңгеге өтініш беру басталғаны рас па?

16 шiлде 2020, 11:02

Әлеуметтік желілерде шілде айына төленетін әлеуметтік жәрдемақыға өтініш қабылдау басталғаны туралы тарап жатқан ақпарат – жалған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мессенджер мен әлеуметтік желілерде 42 500 теңгеге өтініш қабылдауға арналған сайт іске қосылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемге өтініш қабылдау үшін сайт іске қосылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

Қазір еңбек министрлігі карантинге байланысты кірісінен айырылған азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.

Ведомство өтініштерді 17 шілдеден қабылдауды жоспарлап отыр. Біржолғы төлем тағайындау 20 шілдеден басталмақ.

Министрлік қазақстандықтардан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұрады. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын ескертті.

Мемлекет басшысы табысынан айырылған азаматтарға шілде айына ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тапсырды. 42 500 теңге карантинге байланысты ақысыз демалысқа шыққан жалдамалы жұмысшыларға, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға беріледі.

sputniknews.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі