jasqazaq.kz

42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды

17 шiлде 2020, 17:53

Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініш қабылдау басталды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімді 75 мыңға дейін азамат бере алады. Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. 17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды. Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 19 шілдеде басталады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі