jasqazaq.kz

42 500 теңге алу үшін банктен арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ

06 сәуiр 2020, 13:47

#үйдеотыр

42 500 теңге алу үшін банктер арнайы есепшот ашуды талап ете алмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды. «Банктер 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашуды талап етіп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Бұл – дұрыс емес. Бұл туралы қаржылық нарықты реттейтін агенттік барлық банктерге нұсқаулық беріп, талап қойды. 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ, ақша кез келген карточкалық есепшотыңызға аударылады және түскен ақшадан қарызды өтеуге, несие жабуға ақша ұсталмайды. Олай етуге банктердің құқығы жоқ», — дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Ол жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшылары болмаса, өзі үшін өтініш бере алатынын айтты. «Жеке кәсіпкер өзі үшін де 42 500 теңге алуға өтініш бере алады. Мысалы, ЖШС-ның басшысы — сол ұйымның қызметкері. Сондықтан ол заңды тұлға ретінде өтініш бере алмағанымен, ЖШС жұмысшысы ретінде өтініш бере алады», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия