jasqazaq.kz

42 500 теңге әлеуметтік көмек тағы беріле ме?

25 маусым 2020, 13:54

Төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға төленген 42 500 теңге әлеуметтік көмек енді берілмейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз. 42 500 әлеуметтік төлеміне бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сату есебінен түскен қаражат пайдаланылған болатын», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Министр бұл жұмыстардың барысында Еңбек министрлігіне еліміздің Ұлттық банкі көмек көрсеткендігін баса айтты.

«Бұл тұрғыда бізге Ұлттық банк көп көмегін көрсетті. Ол қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды. Сол себепті бүгінгі күні Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр. Егер ахуалға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жататын болса, онда басқа қаржы көздері табылып қалар», — деді Біржан Нұрымбетов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия