jasqazaq.kz

42 500: Қосымша сұрақтар бойынша қайда жүгінуге болады?

12 мамыр 2020, 16:21

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайға байланысты төленетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты сауал туындаған жағдайда қайда хабарласуға болатынын түсіндірді.

WhatsApp мессенджерінде 11 мамырдан бастап 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау тоқтатылғаны туралы және егер бас тартылған жағдайда ол жауапқа келіспеген жағдайда электрон түрде өтініш беруі керек делінген хабарлама тарап кеткен. Еңбек министрлігі хабарламаға жауап берді.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау 11 мамыр сағат 18:00-ден бастап ТЖ режимінің аяқталуына байланысты тоқтатылды.

Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады және өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді», — дейді Еңбек министрлігінің өкілдері.

Министрлік өкілдері төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.

«Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады. Қосымша қарастыруды талап ететін өтініш иелері 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электрон пошталарына жүгіне алады», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Tengrinews.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі