jasqazaq.kz

40 мың гектар жер шетелдіктерге сатылмайды

24 мамыр 2019, 10:41

 «Алтайньюс» сайтында жарияланған Шығыс Қазақстан облысында құс фабрикасы салынатыны туралы мақалаға қатысты облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова пікір білдірді.

Оның айтуынша, ешқандай жер шетелдік инвесторларының қолына берілгелі тұрған жоқ. Жер сатылмайды. «Қазіргі уақытта Үржар ауданының аумағында 300 га жер мемлекеттік резервтен шығарылған. Осы екі учаскеге құс фабрикасын салу жоспарланған. Ауқымды құрылыс жұмыстарына қазақстандықтармен қатар шетелдік инвесторлар да қатыса алады. Жерді сату туралы ешқандай әңгіме жоқ. Сонымен қатар Үржар ауданында 40 мыңға жуық гектар ауылшаруашылық телімдері құс фабрикасының жемшөп қорын қамтамасыз ету мақсатына мемлекет меншігінде сақталып тұр», — дейді В.Барсукова. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, жоғарыда айтылған 40 мың гектар жер бұрынғыдай мемлекет меншігінде қала бермек. Аталған аумаққа болашақта салынатын құс фабрикасының азығы, яғни тауық жеміне арналған дәнді дақылдар егіледі. Заң бойынша бұл жерлер мемлекет меншігінде, сондықтан аталмыш учаскелерді сатуға немесе шетелдіктерге беруге ешкімнің ешқандай құқығы жоқ. Жер тек қана Қазақстан азаматтарына немесе шетелдің қатысуынсыз заңды тұлғаларға ғана беріледі. «Әлеуметтік желілерде 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап, халық арасында алуан түрлі пікір айтылып жатқаны белгілі. ШҚО жер қатынастары басқармасы аталмыш ақпараттың жаңсақ екенін және ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Дереккөз: altaynews.kz

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді