jasqazaq.kz

40-қа жуық дүнген жігіті әскери борышын өтеп жүр

13 ақпан 2020, 18:07

Қазақстан Қорғаныс министрлігі дүнген этносы өкілдерінің Отан алдындағы әскери борышын өтеу міндетінен жалтаруы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Сергей Кузнецовтың айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан дүнгендердің әскери міндетін өтемейтіндігі туралы ақпаратқа қатысты: бұл — сенімсіз мәлімет. Қазақстанда қазіргі уақытта 40-қа жуық дүнген ұлтының өкілі әскери борышын өтеп жүр, — деді ол.
Сонымен қатар, 2019 жылы барлығы 30 мыңнан астам бозбала әскери борышын өтеуге шақырылды, олардың ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа да ұлт өкілдері бар.

Іріктеу кезінде ұлтқа емес, адамның денсаулығы, физикалық күйі, психологиялық және моральдық төзімділігі сынды қасиеттер есепке алынады. Әскерге осы көрсеткіштер бойынша сарбаздарды іріктеп аламыз, — деді Кузнецов.
12 ақпанда ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Белгіленген әскери борышын өтеген әскери қызметшілерді резервке шығару және ҚР азаматтарының әскери қызметке кезекті шақырылуы туралы» жыл сайынғы жарлыққа қол қойды. 2020 жылы 34 мыңнан астам ер азаматқа әскери борышын өтеуге шақырту жіберу жоспарланған. Олар іріктеліп алынғаннан кейін Қарулы Күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік ұлан қызметіне қарай ішінара бөліп, бағытталады.

Қазақстанда 40-қа жуық дүнген солдаты қызмет етеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия