jasqazaq.kz

40-қа жуық ауыл таратылады

22 қазан 2018, 12:03

Еліміздің солтүстік өңіріндегі 40-қа жуық кішігірім ауылды тарату жоспарланып отыр. Ендігі бюджет қаржысы тек болашағы бар елді мекендерді дамыту үшін ғана бөлінетін болады.

Бұл туралы Петропавловск.news өңірлік басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жұмыс бабымен Солтүстік Қазақстанға барды. Ол облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлерімен танысты. Қызылжар ауданының аудан орталығы Бескөлде болған министр өңірдің дамып келе жатқанын және ауыл тұрғындарының өмір сапасы айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

Министрдің сөзінше, биылғы жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы жаңартылған. Ендігі тек болашағы бар ауылдарға ғана әлеуметтік нысандар құрылысы, жол жөнделуі, су құбырларын тарту және басқа да жағдай жасау үшін қаржы бөлінеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы үлкен. Тұрғындарының саны 50-ден аспайтын 100-ден аса ауыл бар. Бүгінде тұрғындарының саны 10-ға жуық 38 ауылды тарату процедурасы жүріп жатыр. Мемлекет басшысы ресурстарды тиімді пайдалану және тек болашағы бар ауыл, аудан орталықтарын ған қаржыландыру туралы айтты. Ондағы тұрғындар саны қаншалықты көп болса, жұмыс орны да соншалықты көбейеді. Сонымен қатар бұл шағын және орташа бизнестің дамуына негіз болады», – дейді Мәдина Әбілқасымова.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық