jasqazaq.kz

4 жыл бұрын өлді деген футболшы Германиядан табылды

05 мамыр 2020, 13:32

Германияда «Шальке» футбол командасының бұрынғы ойыншысы Хианник Камба табылды. «Ол көлік апатынан қайтыс болды» деген ақпарат тарап, экс-футболшының жұбайы 2016 жылы қайтыс болғаны туралы куәлік көрсетіп, алты саны бар сақтандыруды алғанБұл туралы Fr24news-ке сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

2016 жылы Хианник Камба өз елі Конгода көлік апатынан қайтыс болды деген ақпарат шықты. Сол кезде футболшы немістің «Хулс» клубында ойнайтын. Бірақ, 33 жастағы экс-футболшы тірі екен. Қазір ол Гельзенкирхенде тұрады және энергетикалық компанияда химик-технолог болып жұмыс істейді.

Басылым футболшы әйелі мен туыстарының құрбаны болды деп жазды.

«Хианник Камбаның айтуынша, 2016 жылғы қаңтарда Конгода түнде жүргенде таныстары құжаттарын алып, жұбайына берген. Ол сосын күйеуінің өлгені туралы куәлік жасатып алады да, Германиядағы сақтандыру компаниясын алдап, алты сандық соманы алады», — дейді Эссен қаласының прокуроры Анетте Милк.

Оның айтуынша, экс-футболшының бұрынғы әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалған, ал Камба іске куәгер ретінде қатысып жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық