jasqazaq.kz

4 жастағы қызды өгей әкесінен құтқарды

16 тамыз 2019, 15:34


Ақтөбеде 4 жастан асқан қыз анасы қайтыс болған соң өгей әкесімен қалған. Ішімдіктің ортасына айналған үйден кір-қожалақ баланы полиция алып шықты.

Сал ауруына шалдыққан баланың мүшкіл хәлі туралы еріктілерге әлеуметтік желі арқылы хабар түскен. Хабар берген ақтөбелік ол үйдің ішімдік ұясы, ашулы адамдардың денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін де ескертті. Еріктілер жанына полиция қызметкерлерін ертіп, 4 жастан асқан қызды үйден алып шықты. «Екі жыл бұрын қыздың әкесі қайтыс болып, анасы азаматтық некедегі күйеуімен тұрған. Тамыз айының 8-інде анасы көз жұмып, кішкентай мүгедек қыз өгей әкесінің қарауында қалған. Бұл үй ішімдік ішетін адамдардың жеріне айналып кеткен. Біз полициямен бірге барып, кішкентай қызды алып кеттік. Қыздың күйі адам шошырлық жағдайға түскен. Шашы таралмаған, беті жырылған. Әрең тыныс алады, өкпесі сырылдайды. Дене қызуы көтеріліп, дерті асқына түскен. Кейін қалалық қорғаншылық органдарымен бірге «Үміт» сәбилер үйіне апарып, бақылауға алдық. Біз алдағы уақытта да барып, көмек көрсетіп тұрамыз», — деді ерікті Екатерина Голотина. «Үміт» сәбилер үйіне қабылданған 4 жастағы қыз қазір ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр. «Туа бітті жүрек ауруымен есепте тұр. Оған кезінде ота да жасалған. Әрі анасынан баласына ЖИТС жұқпалы ауруы берілген секілді. Бұл диагноз әлі анықталады», — деді сәбилер үйінің бөлім меңгерушісі Нұргүл Сарманова.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда