jasqazaq.kz

4 жасар қызды өгей әке өлімші етіп сабап тастаған (видео)

30 сәуiр 2020, 11:44

Елордада 4 жасар қызды өлімші етіп сабап тастаған.

Евразия Бірінші арнасына Нұр-Сұлтанның тұрғыны өзімен бұрын бірге тұрған 46 жастағы спортшы жігіттің үстінен шағымданған. Ол әйелдің төрт жасар қызына күрес тәсілдері бойынша күш қолданған. Бетінен бастап сау-тамтығы қалмаған көгеру іздерін ер адам қыздың баспалдақтан құлап кетуімен түсіндірген.

Келіншек баласының өмір бойына есінен кетпейтін жауызбен алты ай жүргенін айтады. Қарым-қатынас тереңдей түскен соң оны бір ай бұрын баласымен таныстырған. Өзінен екі есе үлкен ер адам әйелдің көңіліне жағу үшін бәрін жасаған. Алайда оның осындай қатыгездікке барып, 4 жасар баланы осындай күйге түсіреді деген ой оның өңі түгілі түсіне кірмеген. Ол өзін қорғау үшін ғашығына бала баспалдақтан өзі құлап кетті деп айтқан.

«Ол ешқандай да құлаған жоқ! Баламның өзі көрсетті, таяқпен, қолымен қалай ұрғанын айтты. Бұл өте қорқынышты! Мен оған сене алмадым, өйткені бала пәтерден шыққан кезде, осы ғимараттан шыққан. Полициядан көмек сұрадым, олар, керісінше мұның бәрін мені істеді деп өзіме жапты бәрін», — дейді қыздың анасы Виктория.

Баланы байқатпай бұрышқа тұрғызып жүрген, кейін бұл туралы қыздың өзі айтады. Виктория сұқбат беруден қорыққанын да мойындайды, өйткені ер адам баласын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүрлеген, ал бас тартса одан, онда оған «тыныш өмір сүргіздіртпеймін, барлық жерде байланысым бар, 8 жылға түрмеге тығып, көзіңді құртамын» деп қорқытқан.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 1974 жылғы күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт бойынша материалдар сотқа шешім қабылдау үшін жіберіледі», — деді елордалық ПД басқармасының бастығы Госман Жакин.

Егер ер адам кінәлі деп танылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Келіншек болған оқиға үшін өзін кінәлайды, бірақ баласын аяусыз соққыға жыққан қылмыскер жазасын алса деп тілейді. Өйткені, спортшы өз өнерін балаға емес, спортта ғана қолдануы тиіс. Виктория өзі секілді жалғызбасты аналарға өз басындағы оқиғасын көріп, одан сабақ алып, өз қателіктерін қайталамауын қалайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия